今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда зейнеткерлер арасында спартакиада өтті

27 九月 2021 13:22

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда зейнеткерлер арасында спартакиада өтті. Іс-шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен «1 қазан - Халықаралық Қарттар күні» мерекесіне орай өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алатау ауданының зейнеткерлері арасында ұйымдастырылған спартакиада «Зерделі» ықшам ауданында өтті. Қарттарымыз жүгіру, секіру, доп лақтыру және дартс сияқты спорт түрлерінен бақ сынасты. Жақсы нәтиже көрсеткен зейнеткерлер жүлделі орындарға ие болды.

Сайыста бірінші орынға «Шаңырақ» ықшам ауданының ардагерлер ұйымы ие болды. Басқа да қатысушылар мен жеңімпаздар Алатау ауданы әкімінің дипломдары және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков: «Тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне үлестерін қосқан, саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан қарттарымыздың төл мерекесі құтты болсын! Қарттарымыз әрқашан ортамызда осылай ұрпақтарының қызығына кенеліп жүре берсін. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін»,- деп құттықтау сөзін жеткізді.


回到顶部