今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі әлі сақталуда – штаб

18 一月 2022 17:49

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы аумағында антитеррорлық операциялар режимі және террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі әлі сақталуда. Бұл туралы Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Алматы қалалық жедел штабынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Терроризмге қарсы іс-шаралар аясында Алматы қаласының Полиция департаменті, Ұлттық ұлан мен Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерінің күштері қаланы тәулік бойы патрульдеуді қамтамасыз етуде. Блокпостар жұмысын жалғастыруда.

«Террорлық қауіп-қатердің «қызыл» деңгейінде құқық қорғау органдарына азаматтардың заттарын, көлік құралдарын жеке тінтуге, сондай-ақ олардың қозғалысын уақытша шектеуге немесе тыйым салуға рұқсат етілгенін еске саламыз.

Сондай-ақ шерулер мен митингілерге тыйым салынады.

Құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарап, олардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз.

Антитеррорлық операциялар режимінің аяқталу мерзімі туралы қосымша хабарланады», - деді штабта.


回到顶部