今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда соққыға жығылған жігіттің туыстары оқиға куәгерлерін іздеп жатыр

7 十二月 2021 15:31

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда белгісіз біреулер жас жігітті аяусыз ұрып кеткен. Оның туыстары куәгерлерді іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соққыға жығылған жігіттің туыстары оқиғаның видеосын әлеуметтік желіде жариялады.


«Оқиға 5 желтоқсанда кешкі сағат 21: 00-де Алатау «Алмалы» тұрғын үй кешенінің ауласында болған. 43 жастағы ер адам 27 жастағы інімді ұрды. Алдымен олар көлік тұрағында жанжалдасқан, кейін ер адам бауырымды ойын алаңына апарып, аяусыз соққыға жыққан. Ол есінен танып қалған. Ер адам жалғыз болмаған. Қазір бауырымның жағдайы ауыр. Дәрігерлер бас сүйегі сынғанын, ми контузиясын растады. Куәгерлер іздейміз», - делінген хабарламада.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға 5 желтоқсан күні «Ақбұлақ» шағын ауданында болған.
«Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 106-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Бұл қылмысты ашу, оның мән-жайын анықтау және кінәліні жауапкершілікке тарту мақсатында Алатау аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінде арнайы жедел тергеу тобы құрылды», - деп хабарлады полициядан.


回到顶部