今日天气
阿斯塔纳 -10 °С
阿拉木图 -6 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда сайт арқылы клиент тауып, интим қызмет көрсеткен жезөкшелер ұсталды

27 十一月 2020 01:12

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Друг Вокруг» сайты жезөкшелер туралы жарнама берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІМ сілтеме жасап жасап.

Криминалдық полиция қызметкерлері «Друг Вокруг» сайты арқылы интим қызмет көрсетумен айналысқан жезөкшелер притонын анықтады.

«Жеңіл жүрісті қыздар өз клиенттеріне жалдамалы пәтерлерде ақылы жыныстық қызметтер көрсеткен. Өткен түнде полиция қызметкерлері осындай үш притонды анықтап, оның біреуінде Өзбекстан елінің 31 жастағы азаматшасы қызмет көрсеткені белгілі болды. Ал пәтер қожайындары жезөкшелерге мүмкіндік жасағандары үшін жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, тұрғын үй пәтерлерінің бірінде массаж салонының атын жамылып, жезөкшелікпен айналысуға мүмкіндік жасаған екі пәтер әшкереленді. Аталған пәтерлерден бес жеңіл жүрісті қыз бен бір жеңгетай ұсталды», – деді Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Оның айтуынша, рейд барысында анықталған барлық жезөкшелер Полиция басқармасына жеткізіліп, ұйымдастырылған мобильдік медициналық зертханада ЖИТС-қа талдау жүргізу үшін қан тапсырды.


回到顶部