今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда коронавирус жұқтырған 43 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

30 十一月 2021 11:00

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 393 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

29 қараша күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 34 адам коронавирус жұқтырған.

Барлық емделіп шыққандар – 73, келіп түскені – 42

Инфекциялық стационарларда 393 адам бар (төсек-орынның жалпы саны - 1434), оның ішінде 23 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 43 адам жатыр.

Ал 10 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 21 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 8 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 789 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 755 науқас. 34 адамда коронавирус белгілері жоқ.



回到顶部