今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда қаңтар оқиғаларына байланысты 1 481 қылмыстық іс тіркелді

25 一月 2022 12:13

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының полиция департаменті қаңтар оқиғаларына байланысты қылмыстық құқық бұзушылық фактілерін ашуды және тергеу жұмыстарын одан әрі жалғастыруда. Бұл туралы Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне полиция департаменті мен оның аумақтық бөлімшелері 1 481 қылмыстық істі тіркеді.

Олардың ішінде бөтеннің мүлкін ұрлау – 1 213, бөтеннің мүлкін қасақана жою – 46, қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау фактілері бойынша 41 іс бар.

Жоғарыда аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен 236 адам ұсталды. Оның ішінде 214-іне қатысты сот «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасына санкция шығарды. Үш күдіктіге қатысты «ешқайда кетпеу және тәртіптілік таныту қолхаты» түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

«Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде заңсыз айналымнан 144 атыс қаруы мен 8 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді. Наразылық акциялары кезінде қылмыстық элементтермен Алматы қаласының аумағында орналасқан 1 602 объектіге шабуылдар жасалып, дүние-мүліктер талқандалды. Қазіргі уақытта ПД тергеу бөлімшелері бүлінген объектілердің жалпы санының 97%-ын тексеріп шықты. Бұл бағыттағы жұмыс аяқталу сатысында», - деді Рустам Абдрахманов.


回到顶部