今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда Қалқаман станциясының құрылысы басталды

19 五月 2022 17:26

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесуінде аудандағы көлік инфрақұрылымы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шаһар басшысының сөзінше, аудандағы көлік инфрақұрылымының негізгі проблемалары - маршруттардың жетіспеуі және олардың тұрақты қатынамауы, жылжымалы құрамның аздығы.

«Метроның 2 жаңа станциясын іске қосу жоспарланған, сондықтан осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін қаланың батыс бөлігіндегі маршруттық желіге оптимизация жүргізуді қарастырып жатырмыз. Осылайша, Наурызбай ауданында 3 жаңа маршрут ашылады, қазіргі 5 маршрут күшейтіледі, бұл көлік қызметін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді», - деді қала әкімі.

Сонымен қатар, ол «Қалқаман» станциясының құрылысы басталғанын мәлім етті.

«Қазіргі уақытта «Қалқаман» станциясының құрылысы басталды. Ол Абай даңғылымен Яссауи көшесінен батысқа қарай Әшімов көшесіне дейін орналасқан. Метроны 2025 жылға дейін салып бітіру көзделіп отыр», - деді Ерболат Досаев.

Бұған дейін Алматы әкімі Әуезов ауданында орналасқан «Сарыарқа» және «Момышұлы» бекеттері маусым айында ашылатынын айтқан болатын.


回到顶部