今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда қала тұрғындарын тонаумен айналысып келген 4 жігіт ұсталды

19 十月 2021 14:37

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда полиция кісі тонаумен айналысқан төрт жігіт ұсталды. Олар көшеде кетіп бара жатқан адамдарды қорқытып-үркітіп құнды заттары мен ақшасын тартып алумен айналысып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаскөйлер қаланың орталық бөлігінде әрекет еткен. Яғни, кешкісін көшеде кетіп бара жатқан тұрғындарды қорқытып-үркітіп, жеке мүлкін тартып алатын болған. Жәбірленушілер олардың үстінен полицияға арыз жазды. Осылайша жеңіл жолмен мол байлыққа кенелмек болғандар ұсталды.

Алмалы аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Владимир Решетниковтың мәліметінше, тергеу амалдары кезінде олар өз істерін мойындады. Бірқатар эпизод бойынша заттай айғақтар тәркіленді және ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігіне сәйкес тергелген қылмыстық іс материалдарына қоса берілді.

Айта кетейік, бұрын ұсталған төртеудің ешқайсысының да заңға қайшы әрекет жасамағаны анықталды. Олардың барлығы Жамбыл облысының тумалары және еш жерде жұмыс істемейді.


回到顶部