今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда халық КВИ жұқтыратын негізгі орындар - дүкен-базарлар мен автобус

29 七月 2021 17:14

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин тұрғындарды өзара байланысты шектеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында спикер дерт жұқтыратын ықтимал орындар - сауда нысандары, отбасылық байланыс және қоғамдық көлік екенін айтты.

Ж. Бекшин инфекция жұқтыру эпидемиологиядағы стандартты көрсеткішке қатысты екенін атап өтті. Ал бұл карантин шараларының тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Соңғы 7 күнде Алматыда КВИ жұқтыратын негізгі орындар мыналар: сауда нысандарында – 35%, отбасылардағы байланыстар – 19%, қоғамдық көлікте қатынау – 16%, базарлар - 14%, саябақ пен халықтың демалатын жаяу жүргіншілер көшелері – 3,6% болды.

Сонымен қатар инфекцияның нақты орындары анықталды. Соңғы аптада туыстармен және көршілермен байланыс кезінде КВИ инфекциясы 0,2–0,4% өсті.

Азық-түлік сатпайтын дүкендерде – 0,1% және қоғамдық тамақтану нысандарында, мейрамханаларда, дәмхана мен асханаларда – 0,2%, монша мен сауналарда – 0,4% өскені байқалды.

«Ashyq жобасына қатысушы нысандарға бару кезінде жұқтырғандардың үлес салмағы 106-дан 186 адамға дейін артты, бұл олардың кіреберістегі келушілерді бақылау жұмысын куәландырады. Жобаға деген осындай көзқарас ХҚО-да 16 адамды, сауналарда, бассейн мен фитнес-орталықтарда 11 адамды, мейрамханаларда, кафелерде 8 қала тұрғынын және банкет залдарында 5 адамды анықтады», – деді Ж. Бекшин.

Мегаполистің бас санитар дәрігері алматылықтардан міндетті түрде бетперде тағу, жұмыс бөлмесін, үй-жайларды үнемі желдетіп отыру, адам көп жиналатын орындарға бармауды өтінді.

Инфекция күдігі туындаған жағдайда бірден дәрігердің көмегіне жүгініп, басқа адамдарға жұқтырмас үшін шектеу шараларын сақтау қажет.


回到顶部