今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда биыл кем дегенде 50 мың жұмыс орнын ашу міндеті тұр - Мақсат Қиқымов

22 一月 2022 01:51

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда жастар практикасы бойынша жалақы 122,5 мың теңгені (40 АЕК) құрайды, ол үшін Алматы әкімдігі 335,3 млн теңге бөлді. Бұл туралы онлайн брифингте Алматы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы жұмыссыздық 5,3%-дан 5,1%-ға дейін төмендеді. Еңбек министрлігі белгілеген жоспар бойынша 51,7 мың, бір жылда 55,5 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Жұмыссыздықты азайту бойынша жұмыстар жалғасатын болады», - деді ол.

Биылғы жылы 7 ұлттық жоба шеңберінде 13 267 жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Жеке бастамалар аясында 3 әкімші 500 жұмыс орнын құрып, 20 жобаны іске асырады: Туризм басқармасы – 258, «Жасыл экономика» – 198, Спорт – 44.

Кәсіпкерлік субъектілері қаланың 8 ауданында 30 994 жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр:

Алатау ауданы – 3800, Алмалы ауданы – 4190, Әуезов ауданы – 4500, Бостандық ауданы – 4104, Жетісу ауданы – 3500, Медеу ауданы – 3700, Наурызбай ауданы – 3400, Түрксіб ауданы – 3800.

Жалпы, аталған шаралардың арқасында кем дегенде 50 мың жұмыс орнын құру міндеті қойылды.

Бұдан басқа, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша жастарды кәсіптік-техникалық даярлау және жұмыссыздарды қайта оқыту күшейтіліп, кейіннен жұмысқа орналастырылады.

Ол үшін жұмыссыздарды қысқа мерзімді оқыту бойынша оқу бағдарламалары қайта қаралады (мерзімі – 3 ай).

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоспар аясында қосымша 3 ай мерзімге (кейіннен жұмысқа орналастыра отырып) 20 АЕК (61 260 теңге) төлемді субсидиялап, жұмыс берушілерде жұмыс орнында оқыту бойынша жаңа тетік іске қосылады.

«Биылғы жылдан бастап жастар практикасы бойынша жалақы 25-тен 30 АЕК-ке дейін (91 890 теңге) ұлғайтылды. Бұл жеткіліксіз екенін ескере отырып, әкімнің тапсырмасы бойынша жергілікті бюджеттен қосымша тағы 10 АЕК-ке төлемді ұлғайтамыз, осылайша жалақы 122,5 мың теңгені (40 АЕК) құрайды, оған біз 335,3 млн теңге бөлдік»,- деді Мақсат Қиқымов.

Алматы әкімінің орынбасары сондай-ақ, егер бұрын жастар тәжірибесі бойынша 6 айға жұмысқа орналастыру қарастырылған болса, қазір ұйым Ережелеріне өзгерістер енгізілуіне байланысты жолдама 1 жылға дейінгі мерзімге жүзеге асырылатынын хабарлады.

Биылғы жылдан бастап жұмыс істейтін мүгедек адамдарға әлеуметтік жұмыс орындарын субсидиялау мөлшері 63 мыңнан 92 мың теңгеге дейін ұлғайтылады (9 АЕК-ке немесе 28 мың теңгеге, 405 млн теңге бөлінді).

Мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру Ережелері бойынша субсидия төлемі жұмыс беруші белгілеген жалақының 50% мөлшерінде көзделеді. Мүгедек адамдарды тартатын бизнеске және үкіметтік емес секторға жүктемені азайту үшін әкімнің тапсырмасы бойынша жергілікті бюджеттен жалақының 80%-ы немесе 92 мың теңге (91 890 теңге) субсидияланатын болады.


回到顶部