今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда азық-түлік тапшылығы жоқ

17 一月 2022 17:05

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда азық-түлік тапшылығы жоқ. Бұл туралы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин Алматының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысы барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде Алматының барлық азық-түлік кәсіпорындарының қызметі қалпына келтірілді, өнімдерді жеткізу барлық ірі және орта супермаркеттерге, үй жанындағы дүкендерге, сондай-ақ базарларға штаттық режимде жүргізілуде.

Қалада 144 ірі және орта супермаркет, 3,5 мыңнан астам үй жанындағы дүкен, 26 азық-түлік базары жұмыс істейді.

Жалпы, қалалық және өңірлік өндірушілерден азық-түлік өнімдерін жеткізу және сату ретке келтірілді, бірінші кезекте қажетті өнім тапшылығы байқалмайды.

Әлеуметтік нан қажеттілігін қаланың нан пісіру кәсіпорындары – «Ақсай нан» НТК» ЖШС, «Баширов» ЖК, «Рузи Нан» ЖШС, «Алматынан ХБК» ЖШС және «ДариНан» ЖШС толық қамтамасыз етеді.

Сүт өнімдерінің жалпы қалалық қажеттілігінің 20,5% «Агропродукт» компаниялар тобы мен «Маслодел» ЖШС жабады. Қалған 79,5% Алматы облысының өндірушілері жеткізеді.

«Қаланың күнбағыс майына деген қажеттілігінің жартысын жергілікті май зауыттары – «Евразиан Фудс Корпорэйшн» АҚ, «Маслодел» ЖШС және «ЭФКО Алматы» ЖШС қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Ресей өндірушілерінің өнімдері бар (5%). Көкөністер Алматыға Павлодар, Алматы, Жамбыл және Қарағанды облыстарынан әкелінеді. Ет өнімдері мен жұмыртқа Алматы, Түркістан, Жамбыл облыстарынан келіп жатыр», - дейді басқарма басшысы.

Бакалея өнімдерін (ұн, жарма, қант, тұз және т.б.) негізгі жеткізу Қостанай, Алматы, Жамбыл, Ақмола, Павлодар, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарынан жүргізіледі.


回到顶部