今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда 3 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын ақылы түрде алуға өтініш білдірді

6 十二月 2021 17:58

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгінгі күні Алматыда 3279 адам Pfizer вакцинасын ақылы түрде алуға өтініш білдірді. Бұл туралы брифинг барысында Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің сөзінше, қазіргі таңда Pfizer вакцинасын ақылы түрде салдыру бойынша алдын ала тіркеу қаладағы 3 емхана жүргізіліп жатыр.
№5 Қалалық емхана – 8 (727) 344 98 04 немесе 8 707 101 28 93, 8 707 931 92 63 (WhatsApp), мекенжайы: Алматы қ. Алмалы ауданы, Мақатаев көшесі, 141.
№7 Қалалық емхана – 8 (727) 376 33 99 немесе 8 701 111 61 81 (WhatsApp), мекенжайы: Алматы қ. Бостандық ауданы, Бұхар жырау көшесі, 14.
№5 Қалалық клиникалық аурухана – 8 (727) 264 72 64 немесе 8 747 263 72 46 (WhatsApp), мекенжайы: Алматы қ. Медеу ауданы, Достық даңғылы, 220.
« Бүгінгі күнге дйін 3279 адам Pfizer вакцинасын ақылы түрде алуға өтініш беріп, алдын ала жазылып қойды. Вакцина Денсаулық сақтау министрлігі рұқсат берген кезде салынады. Ақылы түрде салынатын вакцинаның бағасы әлі ресми бекітілген жоқ. Денсаулық сақтау министрлігінен бұйрық күтіп отырмыз», – деді Лаура Мырзағали.


回到顶部