今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы тұрғындары ыстық су мен жылусыз қалды

8 十二月 2021 17:05

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Қазыбек би-Қарасай батыр-Қонаев-Достық көшелерінің бойында орналасқан бірқатар үй мен ғимарат ыстық су мен жылусыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы жылу жүйесі» мекемесінің мәліметінше, Уәлиханов - Қазыбек би көшесіндегі диаметрі 300 мм болатын су құбырындағы зақымға байланысты бірқатар үйге ыстық су мен жылу беру тоқтатылды.

«Қазіргі уақытта «Алматы жылу желілері» ЖШС авариялық бригадасымен зақымдануды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жоюдың жоспарлы мерзімі бүгінгі күні сағат 20:00-ге дейін. Қалалықтардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз»,- деп хабарлады компаниядан.

Сонымен қатар, компания өкілдері штаттан тыс жағдай туындаған жағдайда (су, бу шығарындылары) өз бетінше әрекет етпеуді және болған оқиға туралы «АлЖЖ» ЖШС апаттық-диспетчерлік қызметіне +7 727 3780665 тәулік бойғы нөмірі бойынша немесе +7 727 341 0777 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Қоңырау қабылдау сағаты 08:00-ден 18: 00-ге дейін.


回到顶部