今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы тұрғындары ескі үйлерін сүруді сұрап отыр

26 十月 2021 19:12

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы, Алмалы ауданының тұрғындары әкімдіктен ескі үйлерін бұзуды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімдікке Райымбек даңғылы, 174Г үйінің тұрғындары жүгінген.

Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы аталмыш мекенжай бойынша орналасқан үй Тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасына енгенін мәлім етті.

«Бұл үй ескі тұрғын үйді жөндеу бағдарламасына кіреді. Үйді сүру мерзімі инвесторлардан осы учаскені игеруге өтінімдер түскен кезде нақтыланатын болады. Учаскені игеруге, бұзуға және өтемақыға байланысты барлық мәселе ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешілетін болады», - деп хабарлады басқармадан.

Еске салайық, Алматыда 2021-2025 жылдарға арналған Тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Оның аясында 708 ескі үйді бұзу және 683 тұрғын үй салу жоспарланған.

Бұған дейін 2012-2015 жылдарға арналған Алматы қаласында апатты үйлерді бұзудың пилоттық бағдарламасына сәйкес, 56 ескі үй сүріліп, 63 көппәтерлі үй бой көтерген болатын. Осы бағдарламаның арқасында 579 отбасы жаңа пәтерге қоныстанды.


回到顶部