今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы тауларында бір қыз адасып кетті

27 九月 2021 14:59

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары тауда адасып қалған қызға көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

26 қыркүйекте Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне, тауда адасқан қыз туралы ақпарат келіп түсті.

Төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшісінің айтуынша, бойжеткен Құмбелсу шатқалына дейін жалғыз өзі бағыт алған, алайда соқпақтан адасып кеткен. Абырой болғанда турист геолокациялық мәліметті жіберген.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына РЖҚЖ құтқарушыларының жедел тобы шақырылды. Топ жетекшісі Құмбелсу шатқалынан туристке қарай түсуге шешім қабылдады.

Күннің батып кетуі жолдан адасып кеткен туристі іздеуге қиындық туғызды

Соған қарамастан, қыз тез табылды, ол жолдан 200 метр қашықтықта болды.

Жедел топ жоғалған туристті 27 қыркүйек күні таңертең Медеуге дейін түсіріп, туыстарына аман-есен тапсырды.


回到顶部