今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысының Сарқан қаласында халық сусыз отыр

30 十一月 2021 00:30

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Сарқан қаласында халық ауыз сусыз отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарқан ауданы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте қала бойынша мүлдем су болмаған. Қазір аудан орталығының жартысына ауыз су аздап беріле бастаған.

«Сарқан қаласы бойынша ауыз су жүйесінен ақау шығып, тұрғындар сусыз қалды. Бұның себебі, Сарқан қаласының жоғарғы су алабында мұз көшкіні жүріп, су құбырларын бөгеттеп тастады. Қазіргі таңда мекеме қызметкерлерімен бірге 3 техника, 20 жұмысшы кешегі күннен бері жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Ауыз судың болмауы бүгінгі күннің кешкі уақытына дейін созылуы мүмкін. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз»,- делінген аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Әкімдік мәселені ертең толықтай шешілетініне сендірді.

«Жылда осындай жағдай қайталанады. Қыста қаланың жартысында су қатып, болмайды. Көктем шыққанша осындай қиындықты көреміз. Неге әкімдік осы мәселені түбегейлі шешпейді? Қай ғасырда өмір сүріп жатқанымызды білмей қаламын. Бізде бала-шаға бар. Ауыз сусыз отыру өте қиын», - дейді өзінің атын жасырын қалдыруды сұраған Сарқан ауданының тұрғыны.


回到顶部