今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысының Балқаш ауданында халық санағы елден бұрын аяқталды

22 十月 2021 20:15

БАЛҚАШ. ҚазАқпарат - Алматы облысының Балқаш ауданында халық санағы аясындағы жұмыстар мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

1 тамыздағы жағдай бойынша мұнда 29791 адам тұрған.

Барлық үйлерді аралау және онлайн санақ өткізу нәтижесінде мұндағы тұрғындар саны 29 796 (100,02%) құрады.

Оның 24286-сы санаққа онлайн қатысса, 5510-ы интервьюерлердің сауалдарына жауап қатты. Сауалнама жүргізуге 30 санақшы жұмылдырылған болатын.

Айта кетейік, өңірде санақ жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Мұнда тағы бір ауданда жақын арада шара мерзімінен бұрын аяқталады деп күтілуде.

Атап айтқанда, Сарқан ауданында санақпен қамтылғандар үлесі 96 процентке жуықтаған.

Естеріңізге сала кетейік, санақ сауалдарына жауап берудің екі әдісі қарастырылған.

Өзіңізге ыңғайлы уақытта sanaq.gov.kz сайты, E-gov порталы немесе Aitu мобильді қосымшасы арқылы сауалдарға жауап беру мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ, 1 қазаннан бастап интервьюерлер үйлерді аралауда.

Ұлттық статистика бюросы белсенділік танытқан азаматтарға алғыс айта отырып, шараға атсалысуға шақырады.


回到顶部