今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында жігітін қызғанған әйел ауыл тұрғынын сегіз жерден пышақтады

22 十月 2021 20:41

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында әйел бірге тұратын жігітін қызғанып, басқа әйелге 8 жерден пышақ салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі атап өткендей, 22 қазан таңғы 04.30 кезінде Алматы қаласының қалалық клиникалық ауруханасынан Қарасай АПБ кезекші бөліміне хабар түскен.

Онда мас күйдегі 32 жастағы әйелдің пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілгені айтылған.

Жәбірленушінің тұрғылықты жеріне барған тергеу тобы оқиға болған жерді тексеріп, жалға алынған үйде отырыс болғанын анықтады.

Бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын өткізгеннен кейін Қарасай аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдері кафеде демалып жатқан жәбірленуші сол жерден өз үйіне бейтаныс жұпты алып келгенін, олармен бірге ішімдік ішкенін анықтады.

Тәртіп сақшылары солардың бірі жарақат салуы мүмкін деп болжаған.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде полиция күдіктіні «ізін суытпай» ұстаған.

Ол дәлелдемелер ұсынғаннан кейін қылмысты мойындап, ішімдік ішкеннен кейін жәбірленуші серігіне тиісе бастағандықтан қызғанышпен оны ас үй пышағымен бірнеше рет кеудесінен соққанын түсіндірген.

Қылмыс құралы - пышақ тәркіленді.

Күдікті уақытша изоляторға қамалды.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі; 99-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді.


回到顶部