今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында жеңгетайлықпен айналысқан 40 жастағы келіншек ұсталды

18 十月 2021 20:56

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жеңгетайлық жасады деген күдікпен Қапшағай қаласының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысы ПД криминалдық полиция басқармасында ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігі «пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлық жасау» бойынша қылмыстық іс тіркелді.

2021 жылы 13 қазанда жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Қапшағай қаласындағы қонақ үйлердің бірінен полицейлер әкімші болып жұмыс істейтін 40 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Бұл азаматша өзінің негізгі міндеттерінен бөлек ақшалай сыйақы үшін «жеңгетайлық» қызметтерін де атқарған, клиенттерге интимдік қызмет көрсету үшін жеңіл мінез-құлықты қыздарды ұсынған.

«Күдікті қылмыс үстінде ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес жария етілмейді»,- делінген Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


回到顶部