今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы әкімі Еуропалық Одақтың өкілімен кездесті

24 九月 2021 19:11

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы К. Янкаускасты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында Бақытжан Сағынтаев Кестутис Янкаускаспен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және инвестиция тарту, сондай-ақ адами капитал мен қалалық ортаны дамыту мәселелерін талқылады.

Айта кетейік, 1999 жылы шілдеде күшіне енген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім - Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастың құқықтық негізі болып табылады. Сондай-ақ, 2015 жылы 21 желтоқсанда кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге (КСЫК) қол қойылған болатын. Бұл келісім ҚР мен ЕО арасындағы қарым-қатынастың одан әрі жан-жақты дамуына ықпал етуге арналған. Ал 2016 жылдың 25 наурызында ҚР Президенті КСЫК ратификациялау туралы Заңға қол қойған.

ЕО – Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі. Өткен жылы ЕО Қазақстанның сыртқы сауда айналымының төрттен бірінен астамын (28%) және біздің республиканың экономикасына тартылған шетелдік капиталдың жартысынан (47%) құрады.









回到顶部