今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді жалға беру ісі ИИДМ-ге жүктелді

25 一月 2022 20:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет тұрғын үйді жалға алғаны үшін берілетін төлемдерге қатысты Қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында 2022 жылғы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасының Үкіметі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне (ИИДМ) азаматтардың әлеуметтік жағынан аз қамтылған санаттарына жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау үшін төлемдерді тағайындау және төлеу тәртібін айқындау жөнінде өкілеттіктер беретін Қаулы қабылдады.

Аталған Қаулының қабылдануы ИИДМ-ге баспанаға аса мұқтаж азаматтарға қайталама тұрғын үйді жалға алғаны үшін төлем тағайындау және оны төлеу қағидаларын бекітуге мүмкіндік береді.


回到顶部