今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алексей Цой: Соңғы 2 айда коронавирустан болған өлім көрсеткіші 4,8 есеге азайды

26 十月 2021 09:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы 2 айда елімізде коронавирустан өлім-жітім 4,8 есеге төмендеді. Бұл жайында бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда «жасыл» аймақта сегіз өңір бар: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Алматы облыстары және Шымкент қаласы. Бес өңір – «сары» аймақта: Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары», - дед министр.

Оның дерегінше, «қызыл» аймақта төрт өңір, атап айтқанда Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр. Репродуктивті көрсеткіш 0,96 пайызды құрайды.

«Жалпы, Қазақстанда соңғы екі айда ауырғандар 4,5 есеге, ал өлім-жітім 4,8 есеге төмендеді», - деді Алексей Цой.


回到顶部