今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алдағы үш күн салқын және жаңбырлы болады – Қазгидромет

25 五月 2022 17:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 26 мамырда түнде және таңертең батыста, 27-28 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

«Ресейдің Екатеринбург аймағынан шыққан циклон республика аумағы бойынша солтүстік-шығысқа қарай жылжуын жалғастырады және елдің солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарында ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауады. 26 мамырда солтүстік-батыста, 27-28 мамырда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста, 28 мамырда орталықта», - деп болжайды синоптиктер.

Сонымен қатар, орталықта найзағай ойнап, желдің күшеюі, бұршақ жаууы мүмкін. Ал, солтүстік-батыс антициклонының басып кіруіне байланысты, батыста жауын-шашынның тоқтауы, қалған аумақтарда ауа температурасының төмендеуі ықтимал. Мәселен, солтүстікте топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.


回到顶部