今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында 3 адам құлдықтан құтқарылды

27 九月 2021 12:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысында Нұр-Сұлтан қаласынан 3 адамды алдап апарып, картоп қазу жұмыстарына салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов ведомствоның ақпарат алаңында айтты.

«Ақмола облысында үш ер адамды заңсыз бас бостандығынан айыру әрекеті анықталды. Оларды Нұр-Сұлтан қаласынан алдап шығарып, қыркүйектің басынан бері жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінде күштеп жұмысқа салған. Ер адамдар бақшадан қазылған картопты іріктеуге тартылғаны аннықталды. Оларға күн сайынғы жұмыстары үшін 8-10 мың теңге қолма-қол ақша төлеуге уәде берілген», - деді ІІМ өкілі.

Оның айтуынша, уәде етілген ақша төленбеген.

«Зардап шегушілер контейнерде түнеп, тәулігіне 12-13 сағат жұмыс істеп келген. Үйге қайуға әрекеттенгенімен, күш қолданып, қорқыту арқылы заңсыз ұсталған. Бұл факті бойынша қылмыстық кодекстің 128-бабына сәйкес (адам сату) іс қозғалды», - деді Қанат Нұрмағамбетов.


回到顶部