今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақмола облысында 26 жастағы жұмысшы өндіріс орнында жарақат алды

28 一月 2022 06:24

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жұмысшының өндіріс орнында дене жарақатын алуына байланысты еңбекті қорғау ережелерін бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылдың 25 қаңтарында Аршалы аудандық ПБ кезекші бөліміне жедел жәрдем станциясының фельдшері хабарласқан.

Ол 26 жастағы жергілікті тұрғынның «кеуде қуысының жарақаты, іштің жарақаты» диагнозымен қабылдау бөлмесіне жеткізілгенін айтты.

«Жедел-тергеу тобы зардап шегушінің кәсіпорындағы жұмыс орнында жарақат алғанын анықтады. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабының 2-бөлігі «еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Қазіргі уақытта мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы жүргізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп атап өтті ведомстводан.

回到顶部