今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әділ Ғалиахметов шорт-тректен Әлем Кубогінің күміс жүлдегері атанды

23 十月 2021 17:04

Бейжің. ҚазАқпарат – Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан шорт-тректен әлем кубогі кезеңінде Қазақстан қоржынына бір медаль түсті деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ерлер арасында 1 500 метрге жарысудан қазақстандық Әділ Ғалиахметов күміс жүлдегер атанды. Ол аталған қашықтықты 2 минут 18,680 секундта жүгіріп өткен.

Сочи Олимпиадасының чемпионы, ресейлік Семен Елистратов 2 минут 18, 285 секундты көрсетіп, әлем кубогінің жеңімпазы атанды.

Қола медаль алған қытайлық Ан Кай 2 минут 18,864 секундта жүгіріп өткен.

Бұл Әділ Ғалиахметовтің әлем кубогі кезеңдерінде жеңіп алған алғашқы жүлдесі екенін естеріңізге саламыз.


关键词: Спорт, Қоғам,
回到顶部