今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Адамдар параны биткоинмен бере бастады – Марат Башимов

27 十月 2021 18:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемде сыбайлас жемқорлықтың жаңа форматы пайда болды, адамдар параны биткоин түрінде бере бастады. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен «Antikor Live» жобасының тікелей эфирінде Еуропалық құқық және адам құқығы институтының директоры Марат Башимов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанынан қоғамдық кеңес құрылған сәтте бізден жемқорлықпен күрес тұжырымдамасын әзірлеуге қатысты пікір, ұсынысты ортаға салуды сұрады. Ең бастысы жемқорлықтың алдын алуға қатысты ұсыныс қоғам үшін пайдалы әрі түсінікті болуы тиіс.

Жаңа тұжырымдама несімен ерекше дегенге келсек, құжатта сыбайлас жемқорлықпен күресудің жолы қарапайым, түсінікті тілмен жазылған. Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы болып сайланған сәттен бастап әділетті қоғам, тиімді мемлекетті дамытуды жалғастыруды ұсынды. Орынды ұсыныс, әділетті қоғам болған жерде әр азамат өзін жақсы сезінеді. Осы орайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тұжырымдамасы адамдарды адал болуға, ақшаны еңбекпен табуға шақырады. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер де бар. Және тұжырымдама дамыған елдердегідей қоғамның игілігі үшін жүзеге асырылуы тиіс», - деді Марат Башимов.

Оның айтуынша, қазақстандықтар пандемия басталғалы парақорлықпен күресте аса белсенділік танытып жатыр.

«Соңғы уақытта әлемде сыбайлас жемқорлықтың жаңа форматы пайда болды десек болады. Ендігі уақытта адамдар параны ақшамен, сыйлық жасау арқылы ғана емес, биткоин түрінде де ұсына бастады. Бұл жаңашылдық біздің елге әлі жете қойған жоқ, сондықтан да оның алдын алған жөн. Осы мақсатта заманауи ІТ технологиялардың қыр-сырын жетік меңгерген отандық жас мамандарды көптеп әзірлеу қажет. Сосын оларды сыбайлас жемқорлықпен күрес ісі және басқа да мемлекеттік қызметке тарту керек», - дейді ол.


回到顶部