今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ә. Смайылов азаматтардың банкроттығы туралы заң жобасын 4 ақпанға дейін Үкіметке енгізуді тапсырды

27 一月 2022 18:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заң жобасын әзірлеу мәселесі жөнінде кеңес өткізді.

Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Заң жобасында жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерінің түрлері, оларды қолдану негіздері және басқа да ережелер қарастырылған.

18 заңнамалық актіге – 7 Кодекс пен 11 Заңға түзету енгізу жоспарланған. Үкімет басшысы Заң жобасын осы жылдың 4 ақпанына дейін Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізуді тапсырды.

«Заң жобасын талқылауға жұртшылық пен сарапшыларды тартуды тапсырамын», — деді Ә. Смайылов.


回到顶部