今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

9 мамыр. Туған күн иелері

9 五月 2021 08:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 9 мамырда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




88 жыл бұрын (1933-1994) спорт журналисі, публицист және қоғам қайраткері Сейдахмет БЕРДІҚҰЛОВ дүниеге келді.

Алматы облысы, Жамбыл ауданына қарасты Қаракесек қыстағында дүниеге келген. 1956 жылы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. 1965—1970 жылдары «Қазақстан пионерінің» редакторы, 1970–1986 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің редакторы, 1986–1994 жылдары «Жалын», «Балауса» баспаларының директоры болды. Шығармалары: «Сол орамал жоғалмайды» (1965), «Жүрек ұйықтауды білмейді» (1966), «Жұмыр жерде теңбіл доп» (1968), «Егеулі найза» (1969), «Аспаннан шұға жауған күн» (1975), «Мұңайып оянған қала» (1979), «Үшінші подъезд» (1980), «Пердесіз көңіл» (1983), «Арбаған мәні бір сиқыр» (1987) және тағы басқа.





67 жыл бұрын (1954) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Әбдіразақұлы МӘМИ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Құқықтанушы, з.ғ.д., профессор. Гурьев облыстық соты стажері, мүшесі, төрағасының орынбасары, төрағасы (1981-1990), ҚазКСР Жоғары Сотының мүшесі (1990-1993), Алматы қалалық сотының төрағасы (1993-1995), Қазақстан Республикасы Жоғары Сот алқасының төрағасы (1996-1999), Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің вице-министрі (1999), Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (1999-2000), Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының Төрағасы (2000-2009), Қазақстан Республикасының Бас прокуроры (2009-2011) болып қызмет істеген. 2011-2013 жылдары – ҚР Парламенті Сенатының төрағасы. Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының Төрағасы (2013-2017). Қазіргі қызметінде – 2017 жылғы желтоқсаннан бері. «Парасат», ІІ дәрежелі «Барыс», «Ұлы Петр» ордендерімен, төрт медальмен марапатталған.





59 жыл бұрын (1962) ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Жеңіс Мирасұлы НҰРҒАЛИЕВ дүниеге келді. Қостанай облысында туған. Қостанай ауыл шаруашылығы институтын, Орталық Азия университетінің Қостанайдағы филиалын бітірген. Ғалым агроном, заңгер. Қостанай облысы Қостанай ауданы «Александровский» совхозының агрономы, №2 бөлімшесінің басқарушысы, бас агрономы, Наурызым ауданы «Дәмді» совхозының директоры (1985-1995), Қостанай ауданы «Нива» өндірістік кооперативі баскармасының төрағасы (1995-1999), «Надеждинка» ЖШС директоры (1999-2004), Сарыкөл ауданының әкімі (2004-2006), Қостанай қаласының әкімі (2006-2008), Қостанай облысы әкімінің орынбасары (2008-2010) болып қызмет істеген. Қазіргі қызметінде 2010 жылғы сәуірден бері. «Құрмет» орденімен, үш медальмен марапатталған.





56 жыл бұрын (1965) Женева қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Жанар Сейдахметқызы АЙТЖАНОВА дүниеге келді.

Қазіргі Түркістан облысы Созақ ауданы Жуантөбе ауылында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Вена Біріккен институтын, Гарвард университетінің Дж.Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебін (АҚШ) тәмамдаған. Университетті бітіргеннен кейін ҚазМУ-де және ММУ-де, Карлов және Орталық Еуропа университеттерінде (Чех Республикасының Прага қаласы) машықтанудан өтті. БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінде бағдарламалар үйлестірушісі, Моңғолиядағы БҰҰ-ның үйлестірушісі және БҰҰ-ның Даму бағдарламасы Өкілінің көмекшісі болып жұмыс істеді. БҰҰ Даму бағдарламасының Нью-Йорк қаласындағы Еуропа және ТМД өңірлік бюросының Орталық Азия елдері бөлімінің бағдарламалар жетекшісі болды. 2003 жылғы қыркүйекте Ж.С.Айтжанова Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі болып тағайындалды. 2005 жылғы мамырда оған Қазақстан Республикасының Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына (БСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздердегі Қазақстан Республикасының Арнайы өкілінің міндеттері жүктелді. 2010 жылдың наурызында Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі болып тағайындалды. 2011 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы Экономикалық интеграция істері жөніндегі министр болып тағайындалды. 2016-2017 жылдары Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болған. 2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Швейцариядағы, Лихтенштейн Князьдігі, Ватикан Мемлекеті, Иерусалим, Родос және Мальтадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. Қазіргі қызметінде - 2019 жылдан бері.





43 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Фарахатұлы ЕЛЕМЕСОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысында туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген, заңгер (2000); Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген, экономист (2002); «МИРБИС» Мәскеу Халықаралық Жоғары бизнес мектебі, іскерлік әкімшілік шебері (MBA) (2013); РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы, мемлекеттік және муниципалдық басқару (2014).

Еңбек жолы: «АМТ-2» жеке адвокаттық кеңсесінің қызметкері (1996-2000); Алматы облысы бойынша қаржы полициясында әртүрлі қызмет еткен (2000-2008); Астана қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу жөніндегі 1-Басқармасының экономикалық қылмыстарды ашу бөлімінің бастығы , басқарма бастығының орынбасары – Астана қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) арнайы басқармасының жедел қызмет бөлімінің бастығы (2009-2010) қызмет етті.

Ақтөбе облысы бойынша департамент бастығының орынбасары (2012-2014); мемлекеттік емес коммерциялық және қаржылық құрылымдардағы қызмет (2014-2019); ҚР ҚМ МКК сотқа дейінгі тергеу департаменті 3 тергеу басқармасының аса маңызды істер бойынша бас сарапшы – аға тергеушісі (01.2019-03.2019); ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің сотқа дейінгі тергеу департаментінің басшысы (03.2019-06.2019); ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Тергеу департаментінің басшысы (06.2019-11.2019).

Атқаратын лауазымында – 2021 жылғы ақпаннан бастап.


关键词: Күнтізбе,
回到顶部