今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

6 желтоқсан. Қазгидрометтің күн райына болжамы

5 十二月 2021 06:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет 6 желтоқсанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады - жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде, солтүстікте жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі. Тек еліміздің шығыс өңірлерінде антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман күтіледі, еліміздің оңтүстігінде, солтүстігінде және шығысында жел күшейеді.

Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың оңтүстігінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының батысы мен солтүстігінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының таулы, тау бөктері аудандарында тұман, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында желдің күшеюі 15-20 м/с болады.

Ақмола, Қызылорда облыстарының солтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Атырау облысының солтүстігінде және шығысында тұман, Ақмола облысының батысында көктайғақ күтіледі.

Қарағанды облысының батысы мен орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігі мен таулы аудандарында, Маңғыстау облысының солтүстігі мен батысында тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының Алакөл көлдерінің аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

回到顶部