今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

300 мыңнан астам қазақстандық зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейді

26 五月 2022 17:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 300 мыңнан астам қазақстандық зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейді. Бұл жайында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ахмәди Сарбасов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде елімізде 300 мыңнан астам жұмысшы зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеп жүр. Жұмыс берушілер бұл мақсатқа жыл сайын Еңбек кодексінде көзделген кепілді қамтамасыз ету үшін қомақты қаражат жұмсайды. Сондықтан да біздің бірлескен міндетіміз – нөлдік жарақаттануды қамтамасыз ету», - деді бірінші вице-министр елордада өтіп жатқан KIOSH-2022 X Қазақстандық еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференция барысында.

Оның атап өтуінше, өткен жылы Қазақстан Үкіметі әлеуметтік серіктестерімен бірге жарақаттанудың нөлдік көрсеткішін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жоспарын қабылдады.

«Самұрық-Қазына» қорымен, сонымен қатар Халықаралық әлеуметтік қамтамасыз ету қауымдастығымен меморандумға қол қойылды. Бұл іс-шаралардың барлығы жұмыс орнындағы зиянды жұмыс факторларын төмендетуге және нөлдік жарақаттануды қамтамасыз етуге бағытталған. Осы мақсатта өткен жылы Үкімет 2025 жылға дейінгі іс-шаралардың арнаулы жоспарын қабылдады. Оның аясында біз әлеуметтік серіктестермен бірге нөлдік жарақаттануға және зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарының санын қысқартуға қол жеткізуміз қажет», - деді Ақмәди Сарбасов.


回到顶部