今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

30 қараша күнгі ауа райы болжамы

30 十一月 2021 02:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 30 қарашада ауқымды антициклон жотасы әлі де республиканың басым бөлігіндегі ауа райын анықтайды. Соған орай жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Республиканың тек батысында еуропалық циклон жырасы әсерінен жауын-шашын (жаңбыр мен қар түрінде), көктайғақ, тұман, екпінді жел болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында тұман, көктайғақ, 15-20 м/с екпінде жел болады.

Атырау облысының солтүстігінде тұман, батысы мен шығысында 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.

Маңғыстау облысының батысы мен орталығында жел күшейеді - 15-20 м/с, күндіз шаңды дауыл болады.

Қостанай облысының оңтүстігінде, Солтүстік-Қазақстан облысының батысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі. Қостанай облысының батысында жел күшейеді, екпіні - 15-20 м/с.

Алматы облысының Алакөл ауданында желдің екпіні 28 м/с күшейеді.


回到顶部