今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

3 мың қазақстандыққа жалдамалы баспана үшін субсидия беру мақұлданды

24 五月 2022 15:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Отбасы банк» АҚ жалдамалы баспананың құнын өтеу үшін субсидия алуға өтінім қабылдап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде жалдамалы тұрғын үйге субсидия алуға азаматтардан 13 758 өтінім қабылданды. Оның ішінде 6392 өтінім ЖСН арқылы берілді. Қазіргі дерекке сәйкес 3044 клиентке субсидия мақұлданды. Аталған азаматтар өзіне тұрғын үй іздестіре берсе болады. Шамамен 2 аптадан соң олармен келісімшартқа отырамыз. Өтініш иесі баспананы өзі іздеп табады, содан соң тұрғын үйді жалдау бағасының 50 пайызын мемлекет өтейді.

Сонымен қатар бүгінде 743 клиенттің өтініші қаралу үстінде. Ескеретін жайт, жалға берілетін тұрғын үй субсидиясына құжат тапсырғанда өтініш иесінен бөлек, жұбайы (зайыбы) мен олардың кәмелет жасына толған балалары да электрондық цифрлық қолтаңбасын қалдыруы керек», - деді «Отбасы банк» АҚ-ның басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Банк басшысының мәліметінше, 7993 азаматтың тұрғын үй субсидиясын алуға берген өтініші түрлі себептерге байланысты қанағаттандырылмады.

«Құжат қабылдау онлайн форматта жүріп жатыр. Банкке келудің қажеті жоқ. Тағы бір айта кететін жайт, мемлекеттен жалға берілетін тұрғын үй субсидиясына өтінішті жекелеген санаттарға жататын азаматтар ғана бере алады. Олар көпбалалы отбасылар, 1, 2-топтағы мүгедек жандар, жетім балалар және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар», - дейді ол.

Еске салайық, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспананы жалға алғаны үшін төлем беру тетігін әзірлеген болатын. Оған сәйкес, үйді жалға алу құнының 50% мемлекет, қалған 50% жалға алушы төлейді.

Бүгінгі баспасөз мәслихатында Қазақстанда 608 мыңнан астам азамат баспанаға мұқтаж екендігі айтылды.


作者 Әли Ибраев
关键词: Тұрғын үй,
回到顶部