今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

24 қазан. Қазгидрометтің күн райына жасаған болжамы

24 十月 2021 05:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет 24 қазанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталық Азия территориясын алып жатқан батыс антициклоны, Қазақстан республикасына тарауын жалғастырады және территорияның басым бөлігінің ауа райын анықтайды, жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы көтеріледі, тек ҚР-ның солтүстік аудандарында, шығыс және батыс бөліктерінде фронталды аумақтың әсері сақталып, тұрақсыз ауа райы, жауын-шашын, тұман, желдің күшеюі күтіледі.

Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар облысының оңтүстік-батысында, Қостанай облысының солтүстік-батысы мен шығысында, Түркістан облысының таулы аудандарында, күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, түнде Шығыс-Қазақстан облысының батысында, түнде Қарағанды облысының солтүстігінде 15-20 м/с жел күшейеді, Қостанай облысының солтүстігінде, түнде және таңертең Қарағанды, Шығыс-Қазақстан облыстарының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Жамбыл облысының таулы аудандарында, түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман күтіледі, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді.


回到顶部