Погода
Астана 13 °С
Алматы 30 °С
Курс валют
USD 346.68
EUR 404.02
RUB 5.47
CNY 51.15

Визаның мерзімін өткізіп алған нигериялық ертең еліне оралады

12 Июля 2018 19:49 409

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Еліне орала алмай 3 ай бойы Ақтөбеде жүрген Манаси Огарайо ертең пойызға мінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Манаси Огарайо мамыр айында жұмыс іздеп келіп, Қазақстанда болу визасының мерзімін өткізіп алған. Өзі жұмыс іздеп жүргенде елінде қалған әкесі көз жұмып, отбасы күтіп отырғанын күнде әлеуметтік желі арқылы жеткізеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, шетелдік азамат көші-қон талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылып, сот шешімі шықты.

«Әкімшілік іс бойынша сот шешімі шығып, Манаси Огарайо елден шығарылатын болды. Ертең ол Ақтөбе-Алматы пойызымен жөнелтіледі. Билет алынды, құжаттары дайын»,- деді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Манаси Огарайо алдымен Алматыға барып, кейін Түркияға ұшады. Сол елден Нигерияға бағыт алады.

 

 

Автор: Алтынай Сағындықова
Ключевые слова: Ақтөбе облысы, Оқиға,
Loading...
Наверх