Погода
Астана 13 °С
Алматы 30 °С
Курс валют
USD 346.68
EUR 404.02
RUB 5.47
CNY 51.15

Тараздық студенттерге арналып жайлы жатақхана салынып жатыр

12 Июля 2018 21:45 434

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде (ТИГУ) жаңа жатақхана салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ТИГУ-дың ректоры Ерболат Саурықовтың айтуы бойынша, университет жақында ғана Тараз қаласынан аумағы 7,5 мың шаршы метрді құрайтын 5 қабатты ғимарат сатып алған.



«Шамамен есептегенде, ғимаратты қайта жөндеуге 100 млн теңге жұмсалғалы тұр. Жоспарланғанымыздай, жатақхана 400 орынға арналмақ.
Биылғы жылы 2, 3 қабаттарына студенттерді жайғастыра береміз. Қалғанын 2020 жылы толығымен пайдалануға береміз деген ой бар. 2020 жылдың қыркүйек айында жатақхана түгелдей дайын болады», - деп уәде етті ТИГУ ректоры Ерболат Саурықов.



Жақында студенттер арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде 300-ге жуық білім алушылар жатақханаға зәру екені белгілі болды.

Еске сала кетейік, Елбасының бес әлеуметтік бастамасының бірінде жоғары білімнің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жөнінде айтылған. Осыған байланысты, Таразда 2020 жылға дейін мемлекеттік-жекешелік серіктестігі аясында 1650 орындық 3 студенттік жатақхана салу көзделген.
ТИГУ Елбасының бастамасын жүзеге асырған өңірдегі алғашқы білім ордасы болып отыр.

 

 

Ключевые слова: Жамбыл облысы, Құрылыс,
Loading...
Наверх