Погода
Астана 7 °С
Алматы 8 °С
Курс валют
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

СҚО-да өртенген дүкенді мамандар үш сағат бойы сөндірді

21 Мая 2019 22:00

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының орталығы Саумалкөлде құрылыс материалдарын сататын дүкен өртеніп, мамандар үш сағат бойы жалынмен алысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Саумалкөл елді мекенінің Янко, 37 көшесінде орналасқан «Мегастрой» дүкені бүгін кешкі сағат 05-тер шамасында отқа оранған. Оқиға орнына ауданның өрт сөндірушілері, Арықбалық селосының және Айыртау элеваторының өрт сөндіру бекеттері жұмылдырылды. Барлығы 8 техника мен 34 адам жұмыс істеді.

«Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде дүкеннен қою қара түтін шығып, лапылдап жанып жатты. Өртті сөндіру қиынға соқты. Себебі, бояу, құрылыс материалдары секілді жанғыш заттар көп болды. Әрі өрт шыққандығы жөнінде хабар кеш берілген. Сондай-ақ ғимараттың металлсайдингпен, сендвичпанельмен қапталуы да отты тез сөндіруге кедергі келтірді», - дейді өрт сөндірушілер.



null

Өрт үш сағаттың ішінде толық сөндірілді. Қасында орналасқан мейманхана ғимаратына жалынның таралуына жол берілген жоқ. Өрт шарпыған аумақ - 898 шаршы метр. Қазіргі уақытта өрттің неден шыққаны және келген шығын анықталып жатыр.




null

Наверх