Погода
Астана 7 °С
Алматы 9 °С
Курс валют
USD 356.54
EUR 419.43
RUB 5.42
CNY 51.86

СҚО: 20 жастағы жігіт суға кетіп, ажал құшты

12 Июля 2018 18:08 500

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Соңғы тәулік ішінде Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір адам суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 20 жастағы жігіт М. Жұмабаев ауданындағы Пролетарка ауылының жасанды су қоймасына батып кеткен.

«Қайғылы оқиға қауіпті әрі тыйым салынған жерде шомылғандықтан болып отыр. Куәгерлердің айтуынша, жігіт мас күйінде суға түскен. Ол - жыл басынан бері ажалы судан болып отырған осымен бесінші адам», - дейді баспасөз қызметіндегілер.



nullӨңірде ауа райы температурасы жоғары көтеріліп, күн қатты ысып кеткен. Суға шомылуға келетіндердің саны күн санап артып келеді. Құтқарушылар Солтүстік Қазақстан тұрғындарын суда қауіпсіздік шараларын сақтауға, мас күйінде шомылмауға, сондай-ақ, балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді. 

 

 

Ключевые слова: Оқиға, Солтүстік Қазақстан облысы, Қауіпсіздік,
Наверх