Погода
Астана -2 °С
Алматы 20 °С
Курс валют
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

ШҚО-да жаңбырдан соң өзен суы көтерілді

21 Мая 2019 21:47

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның Алтай ауданында Тұрғысын өзені тасып, соның салдарынан су электр стансасы салынып жатқан аумаққа қауіп төнді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Әлеуметтік желіде тараған суреттер мен видеодан құрылыс алаңына су кеткенін көруге болады. Желі қолданушылары аталмыш ауданда толассыз жауын салдарынан Тұрғысын өзенінің суы көтеріліп жатқанын жарыса жазды.

Дегенмен, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары ҚазАқпарат тілшісіне ешқандай елді мекенге су алу қаупі төнбегенін айтты.

«Біздің сондағы мамандардың хабарлауынша, өзен суы көтерілгенімен, арнасынан аспаған. Ешкімді қауіпсіз аумаққа көшіру қажеттігі туындамады. Көмек сұрап, шағым айтқандар да жоқ. Елді мекендерге де ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Әзірге қолымызда бұдан өзге мәлімет жоқ» - дейді департаменттің баспасөз қызметінің басшысы Анастасия Скляр.

Ал Парыгино ауылдық округінің әкімі Вадим Пигарев оқиға орнында барлық жауапты қызметтердің жүргенін, жағдайдың бақылауда екенін айтады.

«Жаңа ғана құрылыстың басында болып қайттым. Аудан әкімі мен аудан прокуроры да осында жүр. Елді мекендерге төнген қауіп жоқ. Барлығы бақылауда. Жаңбыр салдарынан өзен суы көтеріліп кеткен. Бар болғаны осы» - дейді Вадим Пигарев.

Автор Есімжан Нақтыбай
Ключевые слова: Оқиға, Су тасқыны, Шығыс Қазақстан облысы,
Наверх