Погода
Астана 5 °С
Алматы 8 °С
Курс валют
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Оралдағы тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқыстың бықсып жануы жалғасуда

21 Мая 2019 22:34

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралдағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында қоқыстың бықсып жануы жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы жылдары бұл мәселе қалаға қарасты Зачаган кенті тұрғындарының бас ауруына айналып отыр.

Әсіресе, түнге қарай жанатындықтан, таза ауамен демалу мүмкін болмай қалады.

Өңірде соңғы күндері жел күшейгендіктен, қоқыстың бықсып жануы үдей бастады.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бүгін таңғы сағат 07.46-да 112 телефонына қоқыстың бықсып жанып жатқаны жөнінде қоңырау шалынған.

Оқиға орнына 2 адам 1 техникамен жіберілді.

Кейін, сағат 08.24-те полигонға тағы 2 адам (1 техника) аттанды.

Сонымен қатар бұл жұмысқа қосымша 3 бульдозер, 4 жүк тиеуші, 4 экскаватор, 10 су сору машинасы, 10 «КамАЗ» көлігі тартылды.

«Бұл мәселе департамент пен Орал қаласы басшылығының ерекше бақылауына алынған», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Алайда жылда қайталанатын осы көрініске тосқауыл қойылмай келеді.

Айта кетейік, аталмыш полигон фин инвесторлары құрған «ICM Recycling» ЖШС-ға сенімді басқаруға берілген болатын.




null


null

Автор Елжан Ералы
Ключевые слова: Оқиға, Батыс Қазақстан облысы,
Наверх