Погода
Астана -11 °С
Алматы -25 °С
Курс валют
USD 367.06
EUR 416.17
RUB 5.56
CNY 52.84

Мембасқару академиясында трансформациялық лидерлікке арналған семинар өтті

22 Октября 2018 10:12 324

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Құбылмалы әлем жағдайындағы трансформациялық көшбасшылық» атты семинар-тренинг өтті. Оған Президент Әкімшілігінің өкілдері, орталық мемлекеттік органдардың жауапты хатшылары, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің аппарат басшылары қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Шараның ашылуында Президент Әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев сөз сөйлеп, «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік аппаратты қалыптастыру аясында барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін түбегейлі арттыру міндетін қойғанын тілге тиек етті.

Ә. Исекешев ұлттың әл-ауқатын жақсарта отырып, еліміздің әрбір азаматының өміріне оң ықпал тигізетін қажетті өзгерістер туралы өз көзқарасын жеткізді. «Жолдаудың мазмұны мен пішіні, сондай-ақ онда айтылған міндеттер басқарудың жаңа әдістерін қолдану, іс жүзіндік пайдасы бар реформаларды жүргізу қажеттілігін алдымызға қояды. Сондықтан мемлекеттік органдар жұмыстағы тиімділігін арттыруы тиіс, ол жуық арада реформалардың барысын мониторингілеу мен бағалаудың жаңа жүйесімен бақыланатын болады», - деді ол.

Президент Әкімшілігінің басшысы стратегиялық жоспарлаудан, мемлекеттік басқаруға жобалық көзқарасты енгізе отырып, стратегиялық менеджментке өту қажеттігін атап көрсетті. 

Шара аясында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Н. Годунова, Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ф. Жақыпова, Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың басқарушы комитетінің төрағасы А. Байменов, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Korn Ferry Hay Group (АҚШ) директоры Т.Ларионов, Meinhardt Group компаниясының (Сингапур) ассоциативті директоры Кевин Чонг сөз сөйледі.

Семинардың екінші күні қатысушылар басқарудың заманауи Scrum және Agile әдістері жайындағы пікірлерін бөлісті.



 

Ключевые слова: Басқа меморгандар, Астана, Елбасы Жолдауы 2018,
Наверх