Погода
Астана 13 °С
Алматы 30 °С
Курс валют
USD 346.68
EUR 404.02
RUB 5.47
CNY 51.15

Маңғыстауда 21 жастағы қыз жоғалып кетті

12 Июля 2018 22:35 459

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының тұрғыны Қырмызы Энепияева Омарханқызы іс-түссіз жоғалып кетті. Ол 10 шілде күні үйінен шығып кеткеннен оралмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

21 жасар Қырмызының соңғы рет 31 шағын аудандағы «Мағаш» базарынан шығып бара жатқаны бейнетаспаға түсіп қалған.

Туыстарының айтуынша, ол жолдасына хабарласып, таксиге отырғанын айтады. Үйге бара жатырмын деп хабарлаған. Алайда, осыдан соң телефоны өшіп қалады. Үйге де оралмаған.

Айта кетейік, үстінде ақ түсті көйлек, ақ түсті слансы болған. Ерекше белгілері: бойы шамамен 160-165 см, толық денелі, шашы қара түсті (түйілген).

Туыстары қандай да болмасын мәліметтер болған жағдайда төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: 47-48-10, 47-48-25, 47-48-02, 53-18-22, 87786662772, немесе 102.

 

 

Автор: Әйгерім Ашықбаева
Ключевые слова: Маңғыстау облысы, Оқиға,
Loading...
Наверх