Погода
Астана -11 °С
Алматы -6 °С
Курс валют
USD 371.56
EUR 422.43
RUB 5.56
CNY 53.51

Қарағандының 57 жастағы тұрғыны 15 түрлі алаяқтық жасаған

12 Октября 2018 07:16 133

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда 57 жастағы ер адам 15 түрлі алаяқтық әрекет жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облыстық Ішкі істер департаменті өкілдерінің хабарлауынша, биылғы жылдың 28-ші қыркүйегінде Қарағанды қалалық ішкі істер басқармасының оңтүстік-шығыс бөліміне қаланың 77 жастағы тұрғыны шағым түсірген. Зейнеткер шағымында белгісіз біреудің оның сеніміне кіріп, 2 мың еуросын алып кеткендігін айтқан.

Жедел-іздестіру жұмыстарының барысында тәртіп сақшылары осы қылмысты жасауы мүмкін деген күдікпен Қарағандының 57 жастағы тұрғынын ұстады. Ұсталған адам өзінің жасаған алаяқтық әрекетін мойындады, сонымен қатар ол осы сияқты тағы 14 әрекетке барғандығын айтты.

Кейін мәлім болғанындай, 57 жастағы азамат өзінің көршілері мен таныстары арқылы көздеген адамы туралы мәліметтерді сұрап, жинастырып жүретін болған. Артынан оның сеніміне кіріп, «балаларыңыз ақша беріп жіберді» деген желеумен олардың қолда бар қаржыларын алып, оларды жалған банкноттарға айырбастап беретін болған.

Алаяқтың арбауына көбіне шетелде балалары немесе туыстары бар егде тартқан аңғал азаматтар іліккен. Аталмыш әрекет сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 190 бабының 1 бөлімі бойынша тіркелген.

Айта кетейік, осыған дейін астаналық тәртіп сақшыларының 14 велосипед ұрлады деген күдікпен Қарағанды облысының 22 жастағы тұрғынын ұстағандығын хабарлаған болатынбыз.

 

 

 

 

Перевод: Айдар Оспаналиев
Ключевые слова: Қылмыспен күрес, Қарағанды облысы,
Наверх