Погода
Астана -11 °С
Алматы -6 °С
Курс валют
USD 371.56
EUR 422.43
RUB 5.56
CNY 53.51

Исекешев қар тазалаушылар арасындағы жемқорлықты құртпақшы

10 Февраля 2017 18:33 21

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімі ретінде алғашқы қыстың қалың қарымен күресіп келе жатқан Әсет Исекешев осы саладағы бірқатар заң бұзушылықтардан кейін жеке кәсіпкерлермен жұмыс жасау әдісін өзгертпекші, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Солтүстікте орналасқан біздің қаламыз үшін аббатандыру жұмыстарының қаншалықты маңызды екенін бәріміз жақсы білеміз. Әсіресе, қыста қарды үнемі тазалап отыру қажет. Өткен жылы бізде бір жағдай болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бір топты құрықтады. Олар қар тазалау кезінде заң бұзушылықтарға жол берген. Сол себепті мен осындай әрекеттерді болдырмау үшін тиісті механизмді әзірлеуді тапсырдым. Бес жылдық келісімшарттар болады. Сол кезде кәсіпкерлер конкурс негізінде бірнеше секторды алып, қар тазалай алады. Техниканы да сатып алады. Міне, осындайда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қағидаты жүзеге асады. Ал қала тұрғындары кімнің және қай жерде қар тазалайтынын білетін болады. Бұл - әлеуметтік жауапкершілік. Біз болсақ,қаржы жағынан ұтамыз», - деді Исекешев бүгін Астана кәсіпкерлерінің жыл сайынғы конференциясында.

Айта кетейік, бүгінгі жиын барысында Исекешев азық-түлік дүкендері мен дәріxаналары аз жерлерде ондай бизнесті ашуға ниет танытқан кәсіпкерлерге жеңілдік жасауға дайын екенін жеткізді.

Сондай-ақ Астана әкімі ЭКСПО кезінде тамақ мәселесін қалай шешетінін айтыпберді.

Ал «Атамекен» ҰКП басқарма басшысының орынбасары Нұржан Әлтаевтың базарда сатылатын картоптың Макинскі мен Павлодардікі емес екенін мәлімдеді.

 

 

 

Автор: Арман Асқаров
Ключевые слова: Астана, Әкім,
Наверх