Погода
Астана 0 °С
Алматы -4 °С
Курс валют
USD 377.62
EUR 426.03
RUB 5.67
CNY 55.78

Францияның Куршевелінде алапат өрт болды

21 Января 2019 08:57 1138

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның элиталы тау шаңғысы курорты - Куршевельде шыққан өрттің салдарынан екі адам мерт болып, төртеуі ауыр жарақат алған. Барлығы 14 адам зардап шеккен, деп хабарлайды www.bbc.com. 

Өрт жексенбі күні таңертең жұмысшылар тұратын ғимараттан шыққан, кейін тағы екі ғимаратты шарпыған.

Оқиға орнына 70 өрт сөндіруші жіберілді. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.

Оқиға орнынан түсірілген кадрларда өрт сөндірушілердің сатыларға мініп, үш қабатты ғимараттан адамдарды құтқарып жатқанын көруге болады.
Әлеуметтік желіде жарияланған видео бойынша бір адам өрттен аман қалу үшін жоғарғы қабаттың терезесінен секірген.


null 

Ключевые слова: Әлем, Оқиға,
Наверх