Погода
Астана 7 °С
Алматы 12 °С
Курс валют
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Елордада жаңа магистралды экспресс-бағдарлар ашылады

20 Февраля 2019 13:30

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада жаңа магистралды экспресс-бағдарлар ашылады. Бұл туралы бүгін қала халқының алдында есеп берген Астана әкімі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы жаңа 4 бағдар ашумен қатар 11 қолданыстағы сызбаны оңтайландырдық, қоғамдық көлік қозғалысының аралығын 30 пайызға қысқарттық. Елорда «шеткері аймақсыз қала» принципі бойынша дамуын жалғастыруда. Жолаушыларға қолайлы болуы үшін қала орталығын шеткері аймақтармен жалғастыратын 20 тікелей бағдар жүріп тұр. Таяуда жаңа магистралды экспресс-бағдарлар іске қосамыз», - деді Астана әкімі.

Сонымен қатар ол таяуда қалаға газбен жүретін 80 жаңа автобустың сатып алынатындығын айтты.

«Сынның әлі де бар екендігін түсінемін. Бұл жерде біз жүйелі жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінгі күні қалалық автобус паркі 70 пайызға жаңартылды. Таяу уақытта тағы да 80 газбен жүретін автобус сатып алуды жоспарлап отырмыз. Ілкі режимде электроавтбус қатынап жүр. Бұл бағдарларлардағы жүктемені айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді», - деді қала басшысы.

Бақыт Сұлтанов бастапқы уақытта сынға ұшыраған жылы аялдамаларға да тоқталып өтті.

«Өткен жылы Астанада бюджет және мемлекеттік-жекешелік әріптестік есебінен мұндай 74 аялдама орнаттық. Олардың санын арттыру жоспарда бар», - деді ол.

Автор Марлан Жиембай
Ключевые слова: Әкім, Көлік, Қоғам, Нұр-Сұлтан,
Наверх