Погода
Астана 3 °С
Алматы 14 °С
Курс валют
USD 378.17
EUR 429.11
RUB 5.88
CNY 56.48

Елорда әкімі жастарға кеңес берді

20 Февраля 2019 12:28 577

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін қала халқының алдында есеп берген Астана әкімі Бақыт Сұлтанов жұмыссыз жастарға кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Екі қолға бір күрек табылады» деген сөз бар, ағайын. Жұмыс істеймін деген адамға жұмыс көп. Мұны жақында ғана Елбасымыздың өзі де жастарға айтты. Демек, жастық өмірдің қайратты шақтарын бос өткізуден сақ болу керек. Мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламасы бар, қайта даярлау курстары ашылды. Мұның барлығы Астана қаласы Жұмыспен қамту орталығы арқылы жүзеге асырылуда. Баршаңызды осы мүмкіндіктерді пайдалануға шақырамын», - деді Б.Сұлтанов.

Оның айтуынша, елордада электрондық еңбек биржасы іске қосылған. Жұмысқа орналасу процедурасы барынша ашық. Жұмысқа  орналасуға жәрдемдесумен 30 мың адам  айналысады. Қоғамдық жұмысшыларға жалақы екі есе көтерілді. Нақты айтқанда, 2018 жылғы 48 мың теңгеден 84 мың теңгеге дейін артты.

«Бірақ бұл өз бетінше тиімді мансабын құра алмайтындарға арналған. Мемлекет басшысы жастарға да, ересектерге де жұмыс істегісі келетін адамға барлық уақытта жұмыстың табылатындығын шаршамастан қайталап келеді. Барлық жұмысшыларды тұтыну мәдениетінің заманауи трендіне ілеспей, ақылмен және шыдамдылықпен өзінің кәсіби әрі қоғамдық мансабын қалыптастыруды өтінемін», - деді Бақыт Сұлтанов.

 

 

 

Автор: Марлан Жиембай
Ключевые слова: Жастар, Нұр-Сұлтан, Әкім,
Наверх