Погода
Астана -11 °С
Алматы -6 °С
Курс валют
USD 371.56
EUR 422.43
RUB 5.56
CNY 53.51

«Чукотка» барындағы төбелес: Марқұмның ағасы Кузнецовтың жазасын ауыстыруға қарсы

12 Июля 2018 18:18 70

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Чукотка» барының алдындағы төбелес кезінде қайтыс болған марқұмның ағасы Кузнецовтың жазасын ауыстыруға қарсылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы облыстық сотына сілтеме жасап.

Мұның алдында Қапшағай қалалық соты Александр Кузнецовтың өтелмеген мерзімін 1 млн теңге айыппұлға ауыстыру туралы шешім қабылдаған болатын.

Қайтыс болған Сырым Мұратқалиевтің ағасы Дәулет Мұратқалиевтің айтуынша, сот процесі жәбірленуші тараптың келісімінсіз өткен.

«Жәбірленуші тараптың сотқа шақырылмауына және сот процесіне қатыспауына байланысты сот актісіне шағым түсіру үшін 15 күнде қайта қалпына келтіруге шешім қабылдады», - деді Алматы облыстық сотынан.

Осы шешімнен соң Дәулет Мұратқалиев Алматы облыстық сотына жеке арыз түсірді. Арызында ол Кузнецовтың жазасын өтеу мерзімін айыппұлға ауыстыру туралы шешімін қайта қарауға өтініш білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы «Чукотка» барының алдындағы төбелестің кесірінен Сырым Мұратқалиев көз жұмған болатын. Сол жылдың маусымында бірінші инстанция соты Кузнецовты абайсызда адам өлтіріп алғаны үшін 1,5 жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Кейінірек, Алматы қалалық сотының апелляциялық коллегиясы «Адам денсаулығына қасақана нұқсан келтіру арқылы адам өліміне әкеп соқтыру» бабымен 8 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Кузнецов жазасын Алматы түбіндегі Заречный ауылында өтеп жатқан еді.

 

 

Автор: Гүлмира Ғосманәли
Ключевые слова: Қылмыспен күрес, Заң, Алматы, Оқиға,
Наверх