Погода
Астана -4 °С
Алматы -5 °С
Курс валют
USD 376.30
EUR 425.22
RUB 5.68
CNY 55.63

БҚО Мемкірістер департаменті «Сырым» бекетінде жүк көліктерінің жедел өтуіне қатысты шара қабылдауда

19 Января 2019 23:27 690

ОРАЛ. ҚазАқпарат -  Батыс Қазақстан облысының Мемлекеттік кірістер департаментінде жергілікті БАҚ-та жарияланған «Шекара бекетінде жүк көліктері ұзақ тұрып қалуда» деген ақпаратқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік кірістер департаменті жүк көліктерін тездетіп өткізу үшін барлық шараның қабылданып отырғандығын хабарлады.

БҚО Мемлекеттік кірістер департаментінен түскен мәліметке қарағанда, «Сырым» бекетінің қазақстандық бөлігінде жүк көліктерінің кезекте тұрып қалуына байланысты 18 қаңтар күні сағат 17.00-де ауысымдағы адамдар саны 4-ке және 1 сканерлеу техникасына көбейтілген.

Тәулік бойы шекарашылармен бірлесіп жұмыс жасау нәтижесінде «Сырым» бекетінде 18 қаңтар күні сағат 19.00-ден 19 қаңтар күні сағат 07.00-ге дейін 311 жүк көлігі тіркеліп, мониторингтен өткізілген. Осы күні сағат 10.00-де «Сырым» бекетінің қазақстандық бөлігінде 62 жүк көлігінің кезек күтіп тұрғаны белгілі болды.

БҚО Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Нұрболат Абдулов «Сырым» бекетінің салынғанына біраз уақыт өткендігін, қазіргі кезде соның мүмкіндігіне қарай барлық шаралар қабылданып жатқандығын атап өтті. Сонымен қатар кезектің көбеюіне жаңажылдық демалыстардан кейін жүк көліктерінің жиілей түскендігі де әсер еткендігін жеткізді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері шекарада тауар тексеретіні жөнінде хабарлаған болатынбыз.
Комитеттің экспорттық бақылау басқармасының жетекшісі Әнуар Мәдиевтің айтуынша, 37 автобекетте 277 адам жұмыс істеп жүр. Оларға бірнеше міндет жүктелген. Біріншіден, комитет қызметкерлері экспорттық бақылауға жататын тауарларды қадағалайды. Екіншіден, баждың төмендетілген мөлшерлемесіне кіретін тауарларды тексереді. Ондай тауарларға 3 мыңға жуық өнім кіреді. Үшіншіден, Еуразиялық экономикалық одақ аясында тауарларды сату, жұмыстарды орындау және қызмет көрсету кезінде импортқа қосылған құн салығының толық түсуін бақылайды.

 

 

Наверх