Погода
Астана 2 °С
Алматы 19 °С
Курс валют
USD 366.43
EUR 420.11
RUB 5.58
CNY 52.87

Байқоңырда Қазақстан тарапынан 3 балабақша салынады

11 Октября 2018 21:48 385

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - 2019 жылы Байқоңыр қалада 3 балабқша салынбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекованың айтуынша, Байқоңырда қызмет етіп тұрған 13 балабақшаның небәрі 1-еуі ғана қазақстандық білім стандарты бойынша жұмыс жасайды. Мектеп жасына дейінгі балалар білім ошағына дайын болуы үшін білім мен тәрбие қазақстандық стандарт бойынша берілуі тиіс.

«Қазір Байқоңыр қаласында біздің еліміздің білім стандарттарымен жұмыс істейтін 8 орта мектеп бар. Онда сабақтар қазақша жүргізіледі. Жалпы, Байқоңырда 1500 қазақстандық бала Ресей стандарты бойынша білім алып келеді. Қазіргі кезде оларды қазақстандық білім беру жүйесіне көшіру жоспарланып отыр», - деді облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова.

Қазіргі таңда Байқоңырда 600 орындық жаңа мектеп салу немесе тағы бір мектепті қазақстандық стандартқа көшіру туралы ұсыныс дайындалуда. Ол үкіметаралық келісімдер аясында шешіледі. 

 

 

Автор: Әділжан Үмбет
Ключевые слова: Қызылорда облысы, Білім, Байқоңыр,
Наверх